Қытай билігі коронавирустың ошағына айналған Ухань қаласын ашты, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазыпты.
Қала карантинге 76 күнге жабылыпты. 8 сәуірге қараған түні Қытай Уханьға баратын тас жолдардағы қоршауды алып тастаған. Қазір қала тұрғындары сау болса, олардың сыртқа шығуына рұқсат берілген.
Ухань 23 қаңтардан бастап карантинге жабылған еді. Қалаға келіп-кететін барлық транспорттың түрлері, атап айтсақ, метро, көліктер мен кемелердің қозғалысы толығымен тоқтатылыпты. Әуежай мен теміржол бекеттерінің жұмысына да шектеу қойылған.