$ 498.34  519.72  4.85

Үндістанда ота күтіп жатқан 6 қазақстандық елге оралды

Сонымен қатар, үнді тарапының бастамасы бойынша осы рейспен Қазақстанға коронавируспен күресу үшін гуманитарлық көмек ретінде 30 мың дәрі-дәрмек жіберілді

Үндістанда ота жасауын күтіп отырған Қазақстан азаматтарының өтініші бойынша ҚР Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің атсалысуымен "SCAT" әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсін ұйымдастырды.

COVID-19 індетіне байланысты елдеріміз арасындағы азаматтық әуе қатынасының уақытша тоқтатуына қарамастан, қазақстандық дипломаттар Ченнаи және Мумбаи қалаларынан біздің азаматтарымызды елге қайтару үшін Үнді тарапымен келісімге қол жеткізді. Осылайша, 18 сәуірде Алматы қаласына ҚР 6 азаматы (3 пациент және 3 еріп жүруші) жеткізілді. Сонымен қатар, үнді тарапының бастамасы бойынша осы рейспен Қазақстанға коронавируспен күресу үшін гуманитарлық көмек ретінде 30 мың дәрі-дәрмек жіберілді", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Тағы оқи отырыңыз: 

«Сен ауру болмағандықтан міне алмайсың»: Үндістанда донор күтіп жатқан қазақ қызы Президенттен көмек сұрайды (ВИДЕО)

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Үндістан Үкіметіне достық ықыласы үшін алғыс білдіреді және бұл бастама біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік рухына толық сәйкес келетінін атап өтеді.

Дереккөз: Baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин