$ 448.15  483.46  4.86

ОҚО шекарашылары есірткіні жұтпақ болған өзбек азаматын ұстады

35 жастағы Өзбекстан азаматы «Жібек жолы авто» кеден бекеті арқылы Қазақстанға өтпек болған. Оның өзімен бірге есірткі затын алып бара жатқанын қызметтік ит аңғарыпты. Сақшылар тексермек болған сәтте ол қалтасына жасырған есірткісін аузына салып, жұтып жібермек болған.

Шекарашылар өзбек азаматының бұл әрекетіне жол берген жоқ. Олар кептірілген шөп тектес затты күдіктіден тәркілеп, арнайы тексеруден өткізгеннен кейін, оның 3 грамм марихуана екенін анықтады. Ұсталған азамат құқық қорғау органдарына берілді.

Осыған ұқсас заңсыздық қазақ-ресей шекарасында да орын алды. «Бидайық авто» өткізу бекетіндегі петропавлдық шекарашылар "Көкшетау-Омбы" бағытымен жүретін автобус жолаушыларын тексеру кезінде 31 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ол сырт киімінің қалтасына 30 грамм марихуана есірткісін жасырып алып өтпек болған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары