$ 443.35  475.54  4.82

Павлодар облысында мамонттың бас сүйегі табылды

Павлодар облысының тұрғыны мамонт баласының бас сүйегін тауып алды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ерекше жәдігердің табылғандығын Шарбақты ауданының тұрғыны Мирас Мүсалимов мәлімдеген. Оның айтуынша, ежелгі жануардың бас сүйегін үйіне ұлы көтеріп келген. Жасөспірім бала оны Қызылтаң көлінің жағасынан тауып алыпты.

"Көлдің жағасын үнемі су шайып жатады. Өткен жылы дәл осы көл маңынан мамонттың азу тісі табылған болатын. Жәдігерді аудан әкіміне бердік. Бұған дейін де ежелгі ірі жануарлардың сүйектері табылатын. Алайда, оған еш мән бермеппіз, сүйектерді сұрағандарға бере салатынбыз" дейді Мирас Мүсалимов.

Ал, кеше ғана тауып алған мамонттың сүйегін ол Павлодар облысының өлкетану музейіне табыстуды жоспарлап отыр.

Археологтардың айтуынша, Павлодар аумағында мұндай жәдігерлердің табылуы үлкен жаңалық емес. Мәселен, Ертіс өзенінің бойында біздің заманымызға дейін өмір сүрген жан-жануарлардың сүйектері 1928 жылы көптеп табылған дейді олар. Тарихи жаңалықты ол кезде орыс палеонтологы Юрий Орлов ашқан болатын. 1929-1930 жылдар аралығында дәл осы аймақтан африкалық жануарлардың мыңға жуық сүйек бөлшектері қазып алыныпты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары