$ 498.34  519.72  4.85

Мәскеуде 4 жасар қызды өлтірген өзбек әйелді тергеудің бейненұсқасы жарияланды (ВИДЕО)

Мәскеуде 4 жасар қыздың басын кесіп алып, қала көшелерімен жүріп өткен Гүлчехра Бобокулованы тергеу амалдары жалғасып жатыр. LifeNews порталы өзбек әйелімен болған алғашқы сұрақ-жауаптың бейненұсқасын жариялады. Тергеудің қай жерде және қашан жүргізілгені, кімнің бейнекамераға түсіргені көрсетілмеген.

Тергеу барысында күдікті өзінің жасаған қылмысын толықтай мойындады. Ол мұндай қадамға күйзелістен барғанын айтып отыр. Бобокулованың сөзінше, ол алғашқы күйеуімен 12 жыл бірге тұрған. Осыдан бірнеше жыл бұрын екеуі Ташкентте ажырасыпты. Ал, үш баласын әйелдің туыстары үш жаққа бөліп жіберген: бірі нағашы атасының қолында, екіншісі ажырасқан күйеуімен кетсе, үшіншісі күйеуінің әпкесінің қолында тәрбиеленіп жатқан көрінеді. Гүлчехраны туыстары үйден қуып жіберген. 

Осылайша ол Мәскеуге жұмыс іздеп келіпті. Осында марқұм болған Анастасияның ата-анасымен танысып, олардың үйіне бала қараушы болып жұмысқа орналасады. Өзбек әйел кішкентай Настяға екі жылдай уақыт қараған. Осы уақытта ол екінші рет күйеуге шығады. Күйеуі де Өзбекстан азаматы, оның өз елінде бәйбішесі мен балалары болған. Төрт ай бұрын жолдасы Гүлчехраны тастап, Өзбекстандағы отбасына кетіп қалған көрінеді. Күйзеліс осыдан кейін басталған.

Ал, Өзбекстандағы Гүлчехра тұрған ауылдың учаскелік полицейі болса әйелдің қояншық ауруына шалдыққанын айтып отыр. Көктемде ауруы қозатындықтан туыстары оны жүйке жүесі ауруларының диспансеріне жатқызатын дейді ол. Күйеуімен 15 жыл бірге тұрып, осы кеселіне байланысты ажырасқан көрінеді. 

Естеріңізге салайық, 29 ақпан күні 38 жастағы Өзбекстан азаматы Гүлчехра Бобокулова Мәскеуде өзі қарайтын 4 жасар қызды өлтіріп, қылмыстың ізін жасыру үшін пәтерді өртеп кеткен болатын. Ол сондай-ақ, құрбанының басын кесіп алып, қала көшелерімен жүріп өткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары