$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда Сәбит Мұқанов гүлзары қайта қалпына келтіріледі

Алматыдағы әбден тозығы жеткен Сәбит Мұқанов атындағы гүлзар қайта күрделі жөндеуден өтетін болды. Бүгін қала әкімдігі бірнеше құрылыс компаниясымен меморандумға отырып, осындай шешімге келіп отыр.

Атап айтқанда, шаһар басшылығы «Хэмко», «Кумпулан Қазақстан» және «Карим» компанияларымен келісімге келді. Осы меморандум аясында гүлзардың реконструкциясымен бірге Алматыда тағы үш балабақша салынатын болады.

Атап айтқанда, «Карим» ЖШС 2016-2017 жылдар аралығында әр қайсысы 150 орындық екі мектепке дейінгі мекеменің құрылысын аяқтауға тиіс. Қос нысанға құйылатын жалпы инвестицияның көлемі - 440 млн теңге.

Сонымен қатар, «Хэмко» ЖШС Наурызбай ауданында 320 орынға арналған бір балабақша салатын болады. Инвестиция көлемі - 300 млн теңге. Ал, Сәбит Мұқановтың гүлзарын қалпына келтіруге 200 миллион теңге жұмсалмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары