$ 443.85  474.3  4.8

«Үлкен проблемаға айналады»: Шөкеев Үкіметтен көмек сұрап отыр

Айтуынша, қырыққабаттың бір келісі 10-15 теңгеге дейін төмендеп кеткен.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті фермерлердің 300 мың тонна қырыққабаты өтпей жатқанын айтып, үкіметтен көмек сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Түркістан облысында 300 мың тонна қырыққабат өсірілді. Бірақ қазір Ресейден сұраныс күрт төмендеп кетті. Біз облыстардың барлығымен меморандумға қол қойған едік, олар да алмай жатыр. Сондықтан бізде осы 300 мың тонна қырыққабатты сату жағы қиындап отыр", - деді Шөкеев үкімет отырысында.

Айтуынша, қырыққабаттың бір келісі 10-15 теңгеге дейін төмендеп кеткен.

"Фермерлер үлкен шу көтеріп жатыр. Сондықтан министрліктермен бірге шешу жолын қарастырған жөн секілді. Ресейдегі логистикалық компаниялармен, облыстармен бірлесіп шешу қажет. Бізде қазір 250 мың тонна қырыққабат дайын тұр. Оны сатпасақ, үлкен проблемаға айналады", - деді облыс әкімі.

Премьер министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығы министрлігіне облысқа көмек көрсетуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары