16 наурыздан бастап Қазақстан аумағында Төтенше жағдай жарияланып, карантиндік режим енгізілгені белгілі. Ал бұл жағдай көптеген азаматтардың күнкөрісі мен жұмысынан уақытша айырды. Сондай азаматтардың бірі – Мөлдір Айберген, - деп хабарлайды Sn.kz.
Алматылық Мөлдір үш баланың анасы, оның бірі мүмкіндігі шектеулі бала. Өзі «Мега» сауда орталығында кассир болып жұмыс істейді. Карантин кезінде жұмыссыз үйде отыруына тура келіпті.
«Жұмыс тоқтаған соң, әлеуметтік көмек туралы естіп, бірден өтініш бердім. Менің өтінішім бір апта ішінде қаралып, сосын барып шотыма түсті. Балаларымызбен қуандық, әрине. Осындай қиын кезде көңілге медеу болғаны рас. Мемлекетіміз бен жергілікті әкімдігімізге алғысымыз шексіз, әлеуметтік жағдайымызды ескеріп отыр», - дейді үш баланың анасы Мөлдір.
Алматылық Мөлдір Айбергеннің екі әлеуметтік көмек алуының себебі, ол уақытша жұмыссыз қалғаны үшін 42 500 теңге әлеуметтік көмек алса, екіншісі мүмкіндігі шектеулі баласына да арнайы көмек тағайындалыпты.
Дәл осындай жағдай мемлекет бюасышысан алғыс айтып жатқан тұрғындардың саны күн сайын артып отыр. Мәселен, бұған дейін орталық базардың аяқ киім жөндеу цехында жүмыс істеген Райымбек Төркінбек карантин режімінің салдарынан жұмысын тоқтатқан. Алайда оның үйде аяғы ауыр әйелі мен үш баласы бар. сондықтан отбаснын асырау біздің кейіпкерімізге уайым салады. Осы орайда 42 500 теңге әлеуметтік көмек туралы ести саласымен өтініш берген.
«Көршілерімнен әлеуметтік көмек туралы естідім. Содан кейін теледидардан да бұл туралы өте көп хабарланды. Сосын көрсетілген нұсқаулықтар бойынша өтініш жібердім. Таныстарыма өте тез түсіп жатты. Маған кешікке соң, берілмейді деп ойладым. Тіпті сенуден қалған едім. Сосын бір аптадан кейін маған да 42 500 теңге түсті. Не үшін кешіктірілгенімін білмеймін. Енді мен сияқты қаншама адам өтініш беріп жатқан соң, оларда да техникалық қателік кетуі мүмкін ғой. Әйтеуір ақшаны алған соң, бала-шағамызбен қуандық. Бір айлық азық-түлігімді қамтамасыз етіп алдым», - дейді Райымбек Төркінбек.
Айта кетейік, Еңбек министрлігі 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны төтенше жағдай режимі кезінде екінші рет алу мүмкіндігі туралы хабарлады. Қазақстандықтар 42 500 теңге жәрдемақыны екінші рет ала алады, өйткені төтенше жағдай режимі ұзартылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев мәлімдеген болатын.
«Біз 42 500 теңге табысынан айырылған қазақстандықтарға ай сайын беріледі деп айтқан едік. Әрине, төтенше жағдай ұзартылғаннан кейін азаматтар бұл төлемді екінші рет алады», - деді Мұқышев.