$ 448.15  483.46  4.86

Алматылық волонтерлер мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізді

Сондай-ақ ол, Алматыда санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен 100 ерікті жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты, Алматыда мұқтаж жандарға азық-түлікті жеткізуге 100 волонтер жұмылдырылды. Осы орайда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындарына алғыс айтты, - деп хабарлайды Sn.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазып, 257 млн-нан астам демеушілік қаражат түскенін жеткізді.

«Жаңа Алатау» қорының арнайы есебіне 257 млн-нан астам демеушілік қаражат түсті. Бүгінде соның 136 млн теңгесіне көмек көрсетілді. Соғыс ардагерлеріне, 1-3 топтағы мүгедектерге, аз қамтылған және көпбалалы, сондай-ақ жалғызбасты аналарға 12 мың азық-түлік себеті жеткізілді. Арнайы мектептер, интернаттар мен балалар үйлеріне азық-түлік және залалсыздандыру құралдары берілді»,– деп жазды қала әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ ол, Алматыда санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен 100 ерікті жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Алматыда санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен 100 ерікті жұмыс істейді. 16 наурыздан бастап шамамен 18 мың өтініш қаралды. Олар мұқтаждарға берілетін азық-түлік жиынтықтарын, дәрі-дәрмектер мен бірінші қажеттіліктегі заттарды өлшеп, орауға, оны жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ, ақпараттық-кеңес беру бойынша да қолдау көрсетіледі. Бізді алға жетелейтін үміт пен сенім. Қаламыздың қарапайым тұрғындары сол үміт отын жағып, қиындықты еңсеруге көмектесіп жүр», - деп толықтырды Бақытжан Сағынтаев. 

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған өз Жолдауында сындарлы диалог елдің тұрақтылығына, оның одан әрі дамуына септігін тигізеріне тоқталып, 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#волонтер