Қазақстанда коронавирустан тағы бір науқас қайтыс болды. Ол Алматы қаласының 1952 жылғы тұрғыны, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі өткізген онлайн брифингте айтылды.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 30-ға жеткенін айтты.
Сондай-ақ, алты адамның жағдайы ауыр екені белгілі болды.
"Оның жартысы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалаларында. Бүгінде 1279 науқас жазылып, үйіне жіберілді. Стационарда 2897 сырқат емделіп жатыр. Олардың 85 пайызы қалыпты, 14 пайызы орташа қалыпты жағдайда және 25 науқастың жағдайы ауыр. Ал 6 науқас өте ауыр жағдайда. Оның ішінде 7 сырқат жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді Сұлтанғазиев.