$ 494.87  520.65  4.91

Жамбылда ірі кәсіпкердің ұрланған бір үйір жылқысы ОҚО-дан табылды

Барымташылар Мерке ауданының тұрғынына тиесілі 47 бас жылқыны ұрлап әкеткен. Келтірілген шығын көлемі 9 миллион 400 мың теңгені құрап отыр.

Оқиға 7 наурыз күні орын алыпты. Ұрылардың ізін суытпау мақсатында Мерке аудандық ІІБ қызметкерлері мен криминалды полиция басқармасының мамандары жедел іздестіру шараларын ұйымдастырған. Нәтижесінде, барымташылардың жылқыларды тиеп әкеткен көлігі анықталды. Сондай-ақ, күдіктілердің малды тасымалдауға қажетті құжаттарды қолдан жасатып алғаны да белгілі болған.

Мұнан кейін жергілікті полицейлер көрші облыстардың ішкі істер органдарына хабар беріп, іздеу шараларын жалғастырды. Нәтижесінде, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында 50-ге жуық жылқыны тиеген жүк көлігі ұсталды. Малдың ұрланған екені анықталып, күдіктілер қазір қамауға алынған. Ал, жылқылар өз иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азаматтар Мерке ауданы Байзақ ауылының тұрғындары болып шықты. Олар барымташылықты бұрыннан кәсіп еткен екен. Биылдың өзінде күдіктілер 30 бас төрт түлікті ұрлап сатып, иелеріне 5 миллион теңгеден астам шығын келтірген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары