$ 494.87  520.65  4.91

Қордайда бай баласы көлігімен адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Оқиға 6 наурыз күні Жамбыл облысындағы Қордай ауылында орын алған. «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы жол талғамайтын көлік 20 жастағы бойжеткенді қағып кетіп, жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытыпты. Ал, алған дене жарақаттары салдарынан жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

Шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізген жергілікті полицейлер араға 4 күн салып күдіктіні ұстады. Ол жасы 18-ден енді ғана асқан жергілікті тұрғын болып шықты. Бозбала көлігінің майысқан жерін әлі жөндетіп үлгермепті.

Ұсталған азаматтың үстінен тәртіп сақшылары екі дерек бойынша қылмыстық із қозғап отыр: жол ережесін бұзудың салдарынан байқаусызда кісі өлтіру және жол көлік оқиғасы болған жерді тастап кету. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.

Сонымен қатар, Мойынқұм ауданында да жол көлік оқиғасын жасап, өзі оқиға орнын тастап қашып кеткен 29 жастағы ер азамат ұсталды. Ол 2 наурыз күні аудан орталығына кіре беріс жерде «Ауди С4» маркалы көлігімен жол апатына ұшыраған. Салдарынан көлікте болған екі жолаушы сол жерде қайтыс болыпты. Жүргізушінің өзі болса апат орнынан жаяу кетіп қалған. Қазіргі таңда күдікті ауруханада ем қабылдап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары