$ 494.87  520.65  4.91

Хабиб Нұрмагомедовтың әкесі ауыр күйде ауруханада жатыр

3 мамырда оның денсаулығы нашарлап, Мәскеуге жеткізілген.

UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нұрмагомедов Мәскеудегі әскери ауруханалардың бірінде ауыр күйде жатыр. Бұл туралы "Спорт-экспресс" хабарлады.

"Абдулманаптың жағдайы өте нашар, ол Мәскеуде комада жатыр. Мұнда (Дағыстанда) оны дұрыс емдемеді, жағдайы тым нашарлап кетті. Оны ұшақпен алып кетті, қазір ол Мәскеуде, әскери госпитальда жатыр. Ол жақта жалғыз өзі, туыстарын кіргізбейді", - деді басылымға жағдайға жақын дереккөз.

Бұған дейін 57 жастағы Абдулманап Нұрмагомедовтің 25 сәуірде Дағыстанда ауруханаға түсіп, пневмония диагнозы қойылғаны хабарланған еді. 3 мамырда оның денсаулығы нашарлап, Мәскеуге жеткізілген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары