$ 494.87  520.65  4.91

«Шу туғызады деп ойламаппын да»: бұрынғы вице-министр коронавирустан айықты

Дәрігерлеріміз бар күшін салып, кәсіби тұрғыда жұмыс істеп жатыр.

Коронавирус жұқтырған Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров стационардан шығарылды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Камалжан Талғатұлы стационардан шығарылды, медициналық бақылауда, жағдайы қанағаттанарлық. Сараптама теріс нәтиже көрсетті", - деді ол.

Еске салайық, 22 сәуірде Надыровтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

"Өздеріңіз білетіндей, мен қазір елордадағы стационарлардың бірінде ем алып жатырмын. Бұл жаңалық осындай шу туғызады деп ойламаппын да. Қолдау көрсетіп, көп хабарлама жазғандарыңызды көрдім. Бұл, әрине, маған күш береді, сіздерге рақмет! Қуанышқа орай, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Дәрігерлеріміз бар күшін салып, кәсіби тұрғыда жұмыс істеп жатыр. Оларға рақмет, бас иемін, олар нағыз батырлар!", - деген еді бұрынғы вице- министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус