Пенсильвания штатында (АҚШ) тұратын шаруалар отбасы 2011 жылы болған өрт кезінде жеті бірдей баласынан айрылып қалған болатын. Алайда, соңғы бес жыл ішінде бұл шаңырақта тағы 4 бала дүниеге келіп, ерлі-зайыптылар бесіншісін де күтіп отыр.
2011 жылдың наурызында Джаннель мен Тед Круздың отбасына аса ауыр қайғылы жағдай орын алған болатын. Үйден шыққан өрт салдарынан шаңырақтағы 8 баланың жетеуі қайтыс болған еді. Көз жұмған балалардың үлкені жетіде болса, ең кішісі небәрі 11 айлық болатын. Бұл кезде ерлі-зайыптылар ферманың жұмысымен айналысып, үйден алыстап кеткен екен. Баспананың отқа оранғанын оларға 3 жасар қызы Леа айтып келген. Сегіз баланың тірі қалғаны да сол бүлдіршін.
«Бұл әрине, өте ауыр жағдай болды, естен кетпейді ешқашан. Алайда, осылай болды екен деп, салымызды суға жібермедік, ары қарай да өмір сүру керек қой?!» дейді көпбалалы ана Джаннель Клуз. Жеті баласынан айрылса да әйел өзін 12 баланың анасымын деп есептейді екен. Сұрағандарға да солай айтады.
NY Daily News басылымының хабарлауынша, ерлі-зайыптылардың отбасында биыл тағы бір бала дүниеге келуі тиіс. Клуз отбасы өртенген үйлерін қайта жөндеп, сол шаңырақтан ешқайда көшпепті.