$ 447.4  477.55  4.76

«Біздің ел әділетсіз жаза қолданатын түзету лагеріне айналды» - Дәурен Абаев

Бірлік, шыдамдылық және даналықтың, бір-бірін қолдай білудің арқасында қатаң сынақтың бәрінен өттік.
фото: m.azh.kz
фото: m.azh.kz

Бүгін елордадағы Достық үйінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай конференция өтті.
Аталған online-конференция "Қазақстан: тарихи тағылым саясаты" деп аталады. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

"1920-1930 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін, ашаршылық ауыр азап болды және адамдыққа жатпайтын әлеуметтік эксперимент нәтижесінде 3 миллионнан астам отандасымыз қаза тауып, жер аударылды. Бұл оқиға халқымыздың жанына жара салды. Сол үшін Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаев егемендігіміздің алғашы жылдарынан саяси-қуғын сүргін құрбандарын есте сақтап, рухына тағзым етуге зор мән берген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы ұстанымды жалғастырып келеді", - деді президент әкімшілігінің орынбасары Дәурен Абаев.

Ол 31 мамырда 100 мыңға жуық саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске аламыз деп отыр. 

Тағы оқи отырыңыз: Саяси қуғын-сүргін құрбандарына 15 миллиардқа жуық теңге төленді

"Қайғылы оқиғаны ұмытпау - біздің азаматтық парызымыз. 31 мамыр - солақай саясат зардабынан сабақ алуымыз қажеттігін тағы бір еске салатын күн. Бұл қолдан жасалған трагедия қазақ халқына орны толмас қасірет алып келді. Тірі қалғандардың жанына жазылмас жара салды. Репрессия жылдары біздің ел әділетсіз жаза қолданатын түзету лагеріне айналды. Сол жылдары жеке тұлғалардың ойлаусыз әрекеттерінен Кеңес Одағында өмір сүріп жатқан барлық этнос зардап шекті. Бірлік, шыдамдылық және даналықтың, бір-бірін қолдай білудің арқасында қатаң сынақтың бәрінен өттік. Бүгінгі таңда бұл қасиеттер ХХІ ғасырдағы біздің ұлттың негізгі жетістігінің негізі болып саналады", - дейді президент әкімшілігінің орынбасары .
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары