Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырған 10 мыңнан аса адам тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Коронавирус пандемиясы өкінішке қарай бүкіл әлемде жалғасып жатыр, Қазақстан олардың қатарында. Бұл жұқпалы аурудың таралуы, сондықтан, әрине, көрсеткіш өседі. Осы инфекцияның таралу қарқыны мен құрбандарының санын қарайтын болсақ, әр елдің көрсеткіші әрқалай", - деді министр.
"Бүгінде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны 10 мыңнан сәл жоғары, алайда өсу қарқыны күнделікті 3-5 пайыз шамасында. Бірқатар өңірде бұл өсім қарқыны артып келеді, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда да байқалады", - деді Біртанов.
Айта кеткен жөн, coronavirus2020.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, тіркелген оқиғалар саны 9932.