Бурабай ауданының бұрынғы әкімі Шыңғысхан Темербеков 30 мамырда ауыр соққылардан кейін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БАҚ-тың хабарлауынша, бұл оқиға 23 мамырда болған. Шыңғысхан Темербеков 23 мамыр күні Зеленый бор кентінде арматурадан басынан ауыр соққы алды, 30 мамырда Бурабай аудандық ауруханасында көз жұмды.
«Иә, бұл Темірбеков Шыңғысхан. Біз бұл істі «Адам денсаулығына келтірілген ауыр залал» бабы бойынша тергеп жатырмыз», - деп түсіндірді ПД өкілі.
Шыңғысхан Темербеков 2015 және 2017 жылдар аралығында әкім болып қызмет еткен.