Жаңалықтар 06.06.2020 сағат 11:00

Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді

Мемлекет басшысы заңдылықты күшейту, елімізде тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бағытында құқық қорғау органдарының жауапкершілігі жоғары екенін айтты.
Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді
фото: akorda.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті өткізген жиынға Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшылары қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа құқық қорғау ведомстволарының жұмысы, заңнамалардың сақталуын қадағалау туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысы заңдылықты күшейту, елімізде тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бағытында құқық қорғау органдарының жауапкершілігі жоғары екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғап, созылып бара жатқан коронавирус пандемиясы кезінде олардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасаудағы күштік құрылымдардың рөліне тоқталды.

Сонымен қатар жүргізіліп жатқан саяси реформалар барысында заңнама нормаларының реформалануы жөнінде жұртшылыққа егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар