$ 448.15  483.46  4.86

Елордада митинг өткізуге арналған орындар белгілі болды

Аталған шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткесін күшіне енеді.
фото: currenttime.tv
фото: currenttime.tv

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабы, 2 тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты қай жерлерде митинг өткізуге болатынын шешті. Бұл туралы Skifnews.kz, Ашық нормативтік-құқықтық актілер ресми порталына сілтеме жасап хабарлайды.

 Нұр-Сұлтан қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер өткізуге белгіленген орындар:

-  А. Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы саябақ;

-  "Столичный" циркі жанындағы алаң;

- Жеңіс, Абай даңғылы, Т, Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төрбұрышындағы алаң;

- Шеру өткізу үшін бағдар ретінде Абай көшесі бойындағы Жазушылар аллеясынан А. Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы саябаққа дейінгі аралық бекітілсін", - делінген ресми хабарламада.

 Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының «Астана қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы» 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 175/23-V шешімінің күші жойылды деп танылсын. Аталған шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткесін күшіне енеді, деп жазылған портал мәлімдемесінде.

Тағы оқи отырыңыз: «Митинг» туралы заңның қазақ тіліндегі нұсқасынан 422 қате анықталған

Мәжіліс «Бейбіт жиын өткізу туралы» заң жобасын мақұлдады

«Әкімдіктер ештеңе істей алмайды»: елордалық көпбалалы аналар «ерекше» митингке шықты

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары