$ 523.58  549.71  5.01

Блокбекеттегі жантүршігерлік жол апаты: 2 апта ес-түссіз жатқан үшінші полицей есін жиды

Ол әлі де арнайы мамандандырылған бөлімде ем алып жатыр.

25 мамыр күні Алматыдағы блок-бекеттің бірінде болған жантүршігерлік апатттан 2 полиция өкілі көз жұмып, үшінші полицей ауыр жағдайда ауруханаға түскен болатын. 26 мамырда жол апатынан зардап шеккен үшінші полицейдің бас сүйегіне операция жасалды. Бүгін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушінің денсаулық жағдайына қатысты жауап беріп, Ербұлан Сейдазымның өз бетінше сөйлеп, жүріп-тұра алатын халге жеткенін айтты.

«Науқастың жағдайы жақсарып келеді. Есін жиды, сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады. Қайда жатқанын, уақыттың қай мезгіл екенін біледі. Бірақ, әлі де арасында басы айналып, ауырады. Палатада өз бетінше қимылдап, жүре алады», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз жетекшісі Набира Эсенова.

Ол әлі де арнайы мамандандырылған бөлімде ем алып жатыр. Басқарма өкілі оған қатысты емдеу, күтім, қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Тағы оқи отырыңыз:

«Ол жұмыстан шығарылған жоқ»: блокбекетте қаза болған полицейдің әйелі қылмыскерді білетінін айтты

«Бұларды жазған менің келінім емес»: блокбекетте қайтыс болған полицейдің әкесі тың ақпаратпен бөлісті (ФОТО)

«Балық басынан шіриді»: Қайрат Құдайберген министрдің жұмысына ескерту жасады

«Басшылық қайда қарады?»: 2 полицейдің өмірін қиған полицейдің әкесі сұхбат берді (ВИДЕО)

«Менің келінім сол күні шындықты жазды» - блокбекетте қайтыс болған полицейдің анасы (ВИДЕО)

Еске салайық, 25 мамыр таңғы уақытта Алматыдағы №4 блок-бекетте BMW автокөлігі аса жоғары жылдамдықта полиция көлігін соққан болатын. Көлікте отырған екі инспектор қаза тапты. Мас жүргізуші көлікке соқтығысар алдында жолда тұрған тағы бір полицей Ербұлан Сейдазымды қағып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары