Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген Instagram парақшасына баласының 2 айлығында эфирге шығып, бағдарлама жүргізгенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол сол сәттегі күнделігін ұлының монологы етіп жазған екен.
«Мен 2ай 10 күнімнен бастап жұмыс істей бастадым, телевизияда, анаммен бірге. Анашым жаңалықтар жүргізіп жатқан кезде режиссер, операторлармен бірге отыратынмын, көп-көп мониторға қарап. Тып-тыныш жату керек. Өйткені, тікелей эфир. Ыңқылдай бастасаң болды, бірден гримерныйға (бет бояйтын жер) апарып тастайды», - деп «сөйлетіпті» сәбиін тележүргізуші.
Айтуынша, кеше сол баласы мен күйеуінің туған күндері бірге атап өтілген.
«Оның туған күні. Оның әкесінің туған күні! Менің ана болған күнім! Қатар келген ҮШ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ! Иә, арулар, күйеуге туған күніне ұл сыйлаған күшті екен. Кейін сыйлық іздеп әуре болмайсың», - дейді Дина Төлепберген.