Ғаламтор бетінде көше кезіп жүрген арыстанның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Емін-еркін көше кезіп жүрген арыстанның бейнежазбасы әнші Сембек Жұмағалиның facebook парақшасында жарияланды.
Әншінің жазуынша, бұл жазба Маңғыстау облысындағы Ақшұңқыр ауылында түсірілген.
Алайда бейнежазбада нақты қай жер екені әрі қашан түсірілгені айтылмаған. Тек Ақниет (тойханаға ұқсайды) деп аталатын ғимараттың алды екені айтылған.
«Ауылда арыстан жүр, абайлаңыздар! Ақниеттің алдында жүр. 102-ге хабарласшы тезірек! Балалар жүрсе жеп қояды ғой! Зоопарктен шығып кеткен шығар, әлде біреудің бағып отырған арыстаны ма екен?», - дейді кадр сыртындағы дауыстар.
Ең қорқыныштысы, жазбада арыстанның басқа бір көліктегі адамдарға қарай айбат шеге жақындап барып, кері қайтқаны анық көрінеді.
Өздеріңіз байқағандай, Ақниет деп аталғанымен нақты қай өңір екені айтылмаған. Тек көлік салонындағы адамдардың бірінің есімі Ілияс екенін аңғаруға болады.