27.06.2020, 10:17

«Сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор»: Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

фото: pixabay.com
Қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БАҚ өкілдерінің еңбегін жоғары бағалаған мемлекет басшысының пайымдауынша, коронавируспен күресте журналистердің қызметі маңызға ие. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде, пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор.

Қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Сіздерге табыс және бақ-береке тілеймін!", - деп жазды президент Twitter парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Парламент Сенаты Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні қарсаңында журналистерге арналған «Аманат» және «Туған ел» байқауларының қорытындысын жариялады.