Ақтөбеде пневмониядан 47 адам көз жұмды. Өкпе қабынуынан қаза тапқандардың көпшілігі егде жастағы адамдар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, оларда қант диабеті мен жүрек қан тамыры сияқты қосымша аурулар болған. Үш провизорлық ауруханада осы күнде бір мыңға тарта науқас пневмониядан ем қабылдап жатыр. Олардың 27-сі жансақтау бөлімінде. 10 науқас жасаңды тыныс алу аппаратына қосылған. Қалғаны стационарда ем алуда.
"Ауырғанның өзінде бастапқы сатыда келсе бір екі күн неғұрлым тезірек келсе адамның өміріне арашалап қалуға бізге мүмкіншілік береді. Ал егер толық сау жері болмаса, қай жерге барса да емдік шара нәтиже бермейді. Өлген адамдардың басым көпшілігі өкпеде сау жері жоқ. Толық қабыну процесімен қамтылып кеткен", - дейді Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев.
Коронавирустық инфекцияда өршіп тұр. Ауру белгілерімен 828 адам тіркелген. Бұған қоса 584 симптомсыз сырқат бар. Карантин басталғалы бері аймақта төрт адам көз жұмды. Оның үшеу соңғы тәулікте қайтқан. Қайтыс болғанның біреуі аяғы ауыр келіншек. Дәрігерлер, болашақ анада екі жақты өкпе қабынуы дерті болғанын айтуда. Провизорлық ауруханаларда кадр жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан ауруханаға жеке клиникалар мен емхана дәрігерлері тартылған.
"Үш жүз, төрт жүз адамнан жатқан соң қосымша бекеттер ашу керек. Ол бізге қиындықтар туындатып жатыр. Бірақ күнделікті ол сұрақты да біз оперативті түрде шешіп жатырмыз. Бүгіннен бастап Мед университеттің аға оқытушыларын, профессор доценттерін қосымша жұмысқа тарту бойынша шешім қабылданды. Ол біздің медицина қызметкерлеріне қосымша көмек болады деген сенімдеміз", - деді ол.
Өңірде осы күнде шектеу шаралары күшейтілген. Адамдардың жүріс-тұрысы азайды. Демалыс күндері, ірі сауда орындары мен базарлар жұмыс істемейді.