30.06.2020, 11:00

Үндістанда 1 млн-нан астам тұрғын үйсіз қалды

Фото: 24.kz
Қазір өңірде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 2 адам қаза тауып, миллионнан астам тұрғын баспанасыз қалды, деп хабаралайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, нөсер жаңбырдың салдарынан әлемдегі ең үлкен өзендердің бірі - Брахмапутра арнасынан тасып, 2 мыңнан астам ауыл су астында қалған. Қазір өңірде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мемлекет коронавирустың таралуына жол бермес үшін, әлеуметтік қашықтықты сақтау шараларын қабылдаған. Жалпы Үндістанда пандемия басталғалы бері 550 мыңға жуық адамнан анықталды. 16 мыңнан астам азамат аталған дерттен көз жұмды.