Жаңалықтар 01.07.2020 сағат 12:00

Белгілі ұстаз Әбдіғаппар Сманов өмірден өтті

Оған артериялық қысым, гипертониялық дағдарыс, қант диабеті, пневмония диагнозы қойылған.
Белгілі ұстаз Әбдіғаппар Сманов өмірден өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сарыағаш медресе колледжінің директоры, белгілі ұстаз Әбдіғаппар Сманов қайтыс болды. Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Сарыағаш медресе колледжінің директоры Әбдіғаппар Сманов 2020 жылдың 1 шілдесінде таңғы сағат 07:45-те қайтыс болды", - делінген ақпаратта.

Оған артериялық қысым, гипертониялық дағдарыс, қант диабеті, пневмония диагнозы қойылған.

"Сманов "Салма Караван" шипажайында ем алып жатқан. Лай қойдырып, аяғын күйдіріп алған. Ауруханаға ауыр халде түскен. Рентгенге түсіргенде пневмония анықталған", - деп нақтылады ҚМДБ.

Әбдіғаппар Сманов жайлы не білеміз?

Әбдіғаппар Сманов  1970 жылы 22 ақпанда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ленин совхозында дүниеге келген.

1973 жылы М.И.Калинин атындағы орта мектепке барып 1983 жылы бітірді.

1984 -1986 жылдары әскери борышын өтеді.

1987 жылы еркін күрестен спорт шебері кандидатын орындады.

1987-1989 жылдары аралығында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Сарыағаш балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде қазақша күрестен жаттықтырушы болып қызмет етті.

1989-1993 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтын үздік дипломмен тәмәмдады.

1995-2010 жылдар аралығында "Таяқты Ешан" мешіті жанындағы "Убай ибн Кааб" медресесін басқарды.

2002-2004 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистратурада білім алды.

2009 жылдан бері ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі.

2008-2010 жылдар арасында Құран Кәрімді толық қазақ тіліне аудармасын жазып шықты.

2010 жылдың 29 сәуірінде ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің № 221 бұйрығымен  Сарыағаш медресесінің директоры болып тағайындалды.

2015 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медалімен марапаттады.

2016 жылы "Сарыағаш медресе колледжінің" директоры болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар