$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте бір күнде екі адам жүк көліктерінің астына түсіп қайтыс болды

Шымкентте 6 сәуір күні жүк көліктері екі бірдей адамның өліміне себепкер болды. Көз жұмғандардың бірі 55-тегі әйел болса, екіншісі үш жасар сәби. Бұл жайында ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бірінші жол апаты қаладағы "Самал" базарының маңында, яғни жолдың адам көп жүретін бөлігінде сағат 14:45-те орын алған. «Daf» маркалы ауыр жүк көлігі егде тартқан әйелді қағып кетіп, жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Қайтыс болған әйелдің өзімен бірге ешқандай құжаттары болмағандықтан оның тұлғасын анықтау тәртіп сақшыларына біраз қиындық туғызған. Алайда, кейінірек анықталғандай, марқұм ОҚО Арыс қаласының 1961 жылғы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда осы жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалып, көлік айып тұрағына алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, дәл осы күні сағат 15:30 шамасында Шымкенттегі "Қайтпас-2" шағынауданында «Газ 37053» жүк көлігі 2013 жылы туған 3 жасар баланы қағып кеткен. Сәби ауруханаға барар жолда көз жұмды. Қазір тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың қалай орын алғандығын анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары