$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешуге қанша ақша бөлінетінін жариялады

Бөлшек сауда желісіне де медициналық препараттар жеткізіліп жатыр.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда дәрі-дәрмек тапшылығы проблемасының қашан шешілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президенттің сөзінше, дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес жауапқа тарта бастады.

Қазір мемлекеттік органдар елдімекендерді қажетті дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор жасақталған. Төсек орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де толығымен қамтамасыз етіледі. 

Стационарлар үшін шамамен 30 мың науқасты емдеуге арналған дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұл қазіргі қажеттіліктен 70 процентке жоғары. Жұмыс жалғасуда. Бөлшек сауда желісіне де медициналық препараттар жеткізілуде. Парацетамолдың 800 мың қаптамасы, ал, антибиотиктердің 150 мың қаптамасы дәріханалар желісіне тапсырылды. Апта соңына дейін 900 мың қаптамасы түседі деген жоспар бар. Жақын күндері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешіледі", - деді Тоқаев қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде.

Тағы оқи отырыңыз: «Кейбіреулер саяси ойын жасайды, мұндай манипуляциялар өте қауіпті» - мемлекет басшысы

«Ұятсыз кәсіпкерлер қиын жағдайды пайдалануда»: Тоқаев экс-министрдің жұмысы тексерілетінін айтты 

Мұнан бөлек, жалпы, дәрі-дәрмектерді, ИВЛ аппараттарын сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға және басқа да шұғыл шараларға кем дегенде 150 миллиард теңге бөлінетінін жеткізді. Енді бұл шығындардың барлығы ерекше бақыланады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары