$ 494.87  520.65  4.91

«Кейбіреулер саяси ойын жасайды, мұндай манипуляциялар өте қауіпті» - мемлекет басшысы

Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылатынын ескертті.
фото: liter.kz
фото: liter.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қиын кезде саяси ойын жасағысы келетіндерге шүйлікті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, коронавирус өршіп тұрғанда ел ішінде жалған әңгімелер тарап жатқан көрінеді.

Мәселен, президент Тоқаев: "Кейбіреулер саяси ойын жасап, өсек таратады, жағдайды әртүрлі болжамдар мен үндеулер арқылы ұшықтырады және қоғамда жеккөрушілік тудыруға тырысады. Мұндай манипуляциялар өте қауіпті. Сондықтан оларға заңдық тұрғыдан баға беріледі", - деді телевизиялық үндеуінде.

Мұнымен қоймай, Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылатынын ескертті.

Сонымен қатар, әрі-дәрмек бағасын күрт өсіріп үлгерген "ұятсыз кәсіпкерлерді сынады.

"Сол сияқты дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сәйкес жауапқа тарта бастады", - деп халықты өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға шақырды. 

Естеріңізге сала кетейік, президенттің айтуы бойынша, 13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары