$ 441.66  475.14  4.86

Ақсуда жастар арасында атыс болып, бір адам қаза тапты

Ақсу қаласында жас жігіттер арасында орын алған атыс салдарынан 19 жастағы бозбала қаза тауып, оның 22 жастағы досы ауыр халде ауруханаға түсті деп хабарлайды NewTimes.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кешегі сенбіден жексенбіге қараған түні орын алған. Төбелес жергілікті тұрғындар мен Майский ауданы тұрғындары арасында болған.

Ақсу қалалық орталық ауруханасының травматолог-дәрігері Талғат Темірғалиннің айтуынша, жарақат алған жігіттің денсаулығы қазір тұрақты.

«Екі жас азаматты түнгі сағат үштер шамасында алып келді. Олардың бірі жолда қайтыс болыпты. Оның жанын аман алып қалу үшін дәрігерлер қолдан келгенін жасағанымен, нәтиже шықпаған. Екінші жәбірленуші - 1994 жылғы жігіт бас сүйегінен жарақат алған. Оны жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырдық. Науқастың басын компьютерлік томографияға түсіргеннен кейін жағдайының қандай деңгейде екенін көреміз», — дейді дәрігер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары