$ 494.87  520.65  4.91

Атышулы ұйым жанынан коронавирус мәселелерімен айналысатын топ құрылады

Сарапшылар тобының аралық баяндамасы қарашаға дейін дайын болуы тиіс.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тәуелсіз сарапшылар тобын құрады, деп жазады Хабар 24.

Топ түрлі елдердің коронавируспен күрес бойынша қабылдап жатқан шараларын тексеріп, өз бағасын береді. Тәуелсіз комиссияны басқаруға Жаңа Зеландияның бұрынғы премьері мен Либерияның экс-президенті келіскен. 

Сарапшылар тобының аралық баяндамасы қарашаға дейін дайын болуы тиіс. Ол кезде халықаралық ұйымға мүше елдердің денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі өтпек. Ал комиссияның толық баяндамасы тек келер жылдың мамырында ғана дайын болады деп жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары