$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент тұрғындары егілген шыршаларды ұрлап жатыр

Шымкенттегі саябақтарда жерсіндірілген шыршалар ұстағанның қолында кетуде. Одан келген шығын 500 мың теңгені құрайды деп жазады Otyrar.kz.

«Жасыл қала» мекемесінің мамандары 10 қымбат көшеттің ұрланғанын айтып, құзырлы орган қызметкерлеріне шағымданды. Табиғат қорғаушыларының айтуынша, Бәйдібек би және әкімшілік-іскерлік орталығындағы аллеяда, сондай-ақ, Жеңіс саябағынан қылқан жапырақты және аққайың көшеттері қолды болған. Олардың әрқайсысының бағасы 40-50 мың теңге тұрады дейді мамандар.

Осыған байланысты жауапты мекеме құқық қорғау органдарына арызданыпты. Бірақ тәртіп сақшылары тірлікке кірісер емес дейді олар.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Шымкенттің жасыл белдеуіне 3 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылғанын мәлімдеген болатын. Жасыл желектерді егу мен күтім жасау жұмысын жүргізетін «Жасыл аймақ» коммуналдық мекемесі 2248 га жерге – 2 810 000 дана қарағаш, 125 га жерге – 416 600 дана терек, 52 га жерге – 21 700 емен көшеттерін еккен. Сонымен қатар, мұнда 50 га жерге 33 мыңнан астам алма, алша, шабдалы, алмұрт сынды бірқатар жеміс көшеттері де отырғызылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары