$ 444.32  473.33  4.76

Қытайға аюдың табандарын алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

Қазақ-қытай шекарасын күзеткен сақшылар көрші елге сирек кездесетін аюдың табанын алып өтпек болған Қазақстан азаматын ұстады деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері.

45 жастағы күдіктіні Мақаншы шекара отрядының шекарашылары қолға түсірген. Ол кеден бекетін айналып, Қытайға төте жолмен жаяу бармақ болған екен. Алайда, көздеген жеріне жете алмай, жолда шекара сақшыларына ұсталды. Оның сөмкесін тексеру барысында аюдың кесілген табандары табылған.

Қазіргі таңда шекарашылар күдіктіні құқық қорғау органдарына өткізді. Оның Қытайда үлкен сұранысқа ие аю табандарын қайдан алғандығы тексеріліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары