$ 494.87  520.65  4.91

«СК Фармация» ЖШС басшылық қызметтеріне туыстарын тағайындағаны рас па?

Азат Есқалиев компанияның бақылау кеңесінің хатшысы болып 2020 жылдың 15 сәуірінде алдыңғы қызметкердің өз өтініші бойынша жұмыстан босатылуына байланысты тағайындалған.

"СК-Фармация" ЖШС желіде компания басқармасының төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиев пен бақылау кеңесінің хатшысы Азат Маратұлы Есқалиевтің туыс екені айтылған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, Ерхат Серікұлы Есқалиев пен Азат Есқалиев Маратұлы арасында туыстық жоқ", - деді компаниядағылар. 

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы лауазымына 2020 жылғы 12 шілдеде тағайындалған Ерхат Есқалиев 2016 жылдан бастап тәуелсіз директор ретінде серіктестіктің бақылау кеңесінің мүшесі болған. Ал Азат Есқалиев компанияның бақылау кеңесінің хатшысы болып 2020 жылдың 15 сәуірінде алдыңғы қызметкердің өз өтініші бойынша жұмыстан босатылуына байланысты тағайындалған.

"Бақылау кеңесінің хатшысы бақылау кеңесінің отырыстарын өткізу, басқарма мүшелеріне уақтылы және сапалы корпоративтік шешімдер қабылдау үшін материалдар дайындау бойынша ұйымдастырушылық функцияларды орындайды. Компания қызметі үшін басқару шешімдерін қабылдау бақылау кеңесі хатшысының функцияларына кірмейді. Ерхат Есқалиев пен Азат Есқалиев арасындағы отбасылық байланыстардың болмауы құжаттармен расталған", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәріхана