$ 446.49  475.38  4.79

Алтын Орданың саяси тарихындағы Сыр өңірінің маңызы

Қашықтықтан өткен шара барысында осы тақырыптарда алдағы уақытта оқушыларға берілетін онлайн сабақтар, тапсырмалар, презентациялар жасаудың тиімді жолдары айтылды.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Қызылордалық ұстаздардың бірлесіп ұйымдастыруымен қашықтықтан «Алтын Орданың саяси тарихындағы Сыр өңірінің маңызы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Онлайн шараға облыстағы тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Конференцияда Алтын Орданың саяси тарихы туралы Жамбыл атындағы N120 мектептің мұғалімі Айгүл Жұмабаева құнды ақпараттарымен бөлісті. Соынмен қатар, «Алтын Орда кезеңіндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Лиза Қыдыралиева баяндама жасады.  

Аймақ ұстаздары Алтын Орда мемлекетінің тарихы, онда билік құрған хандар туралы ауқымды ақпараттар берді. Сондай-ақ, сол дәуірдегі Сыр бойы қалаларының экономикалық үлесі, соның ішінде Сығанақ қаласының маңызына тоқталып өтті. Сығанақ қаласы тарихи жазбаларда тоғайлы жер ретінде сипатталған. Әрі бұл шаһардағы сауда-саттық ерекше қарқынды болған.

Соған қарап-ақ Сығанақтың өз кезеңінде экономикаға қосқан үлесінің зор болғанын бағамдау қиын емес. 

Қашықтықтан өткен шара барысында осы тақырыптарда алдағы уақытта оқушыларға берілетін онлайн сабақтар, тапсырмалар, презентациялар жасаудың тиімді жолдары айтылды. Конференцияға қатысушылар өздерінің ой-пікірлерін, іс-тәжірибелерін ортаға салды.

Оған қоса осы тақырып аясында мектептерде атқарылған жұмыстар жөнінде де атап өтті. Ұстаздар бұл жұмыстардың алдағы уақытта өз жалғасын тауып, оқушыларға ғылыми жұмыстармен айналысуына басымдық берілетінін жеткізді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары