Белгілі блогер Яков Федоров Бурабайдағы жабайы қоқыс қалдықтарын суретке түсіріп, аумақта заңдастырылған қоқыс полигонының жоқтығын айтты, деп хабарлайды aikyn.kz.
«Бурабайдың бүгін белгісіз жағын көрдім. Осыдан кейін оны «қазақстандық Швейцария» деп атау қиын. Ауылдық округтің аумағында заңдастырылған бірде-бір қоқыс полигоны жоқ. Сондықтан ұлттық парктің күзетілетін аумағында жабайы, заңсыз қоқыстар пайда болады» деп жазды блогер.
Айта кетейік, бұған дейін ол Көбейтұз көлінің жайын қозғаған болатын.