30 шілдеде Қырғызстанда коронавирустан қайтыс болған азаматтарды Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы bag.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков "Биринчи радиоға" берген сұхбаты кезінде мәлімдеді.
Мерзімінен бұрын айтқым келмеді, бірақ осы бағытта сөз қозғалып отырған соң, ақпарат беру қажет деп санаймын. 31 шілдеде Құрбан айт мейрамын атап өтетін боламыз. Ал 30 шілде бүкіл ел бойынша Ұлттық аза тұту күні деп жарияланады. Тиісті жарлық шығарылады, - деді ол.
Елде коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы жағдайы 2020 жылдың 18 наурызында тіркелген. Қырғыз үкіметі елде 22 наурыздан 22 сәуірге дейін төтенше жағдай режимін енгізді. Содан кейін режим бірқатар қалалар мен аудандарда ұзартылды.
Worldometer статистикалық бюросының мәліметтері бойынша, Қырғызстанда коронавирус індетінің 32 124 оқиғасы тіркелген, оның ішінде 1249 науқас қайтыс болды, ал сауығып кеткендер саны - 19 203.