Жаңалықтар 28.07.2020 сағат 10:00

ДCМ Үкіметке карантинді жеңілдету жоспарын ұсынды

Қазіргі жағдай мен осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады.
ДCМ Үкіметке карантинді жеңілдету жоспарын ұсынды
Фото: arnapress.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары туралы Үкімет отырысын өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 2 тамызда аяқталатын карантин режимі кезеңінде Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. ҚР-да COVID-19-дан сауығып кеткендердің саны 63%-дан асты. Ауру жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 1,7%-ға дейін азайды, стационарлардағы орындардың жүктемесі 46%-ға дейін, жедел жәрдемді шақыртулар саны 38%-ға төмендеді. Өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген. 

«Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Ағымдағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданатын болады», - деді А. Мамин.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар