Жаңалықтар 01.08.2020 сағат 17:33

Қазақстанда орташа жалақы 212035 теңгені құрады

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 386,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады.
Қазақстанда орташа жалақы 212035 теңгені құрады
Фото: zanmedia.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанда орташа айлық жалақы 212035 теңгені құрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Статистика комитетіне сілтеме жасап.

2020 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 212035 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 113,7%, ал нақты жалақы индексі 106,5% құрды. Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу–443,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде –386,8мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте –326мың теңге (1,5 есеге асты),ақпарат және байланыс саласында – 273,2мың теңге (1,3 есеге асты), көлік және жинақтау саласында– 233,6 мың теңге (1,1 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді –127,3мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 40% %-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 386,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады.

Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 159,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,9%-ға төмен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар