$ 494.87  520.65  4.91

Абай бейнесі бейнелеу өнерінде

Абай бейнесі дегенде көз алдымызға дарынды суреткер, кемеңгер ойшыл, реалист ақын, дәуір тудырған тұлға келеді.

Дана Абай қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани дамуына, қоғамның өркениетке деген ұмтылысына ғұмырын арнады. Абай – адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген ойшыл. Хакім Абайға арналған әдемі жыр-арнаулармен бірге тұлғаның бейнесін қаламмен қаз-қалпында түсірген суретшілер де көп. Осы орайда Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық балалар кітапханасының ұжымы «Абай мұрасы бейнелеу өнерінде» атты онлайн көрме ұйымдастырды.

«Абай мұрасы адамзаттың мақсат, мұратын айқын көрсете отырып, адами құндылықтарды бағалауға үндейді. Абай бейнесі дегенде көз алдымызға дарынды суреткер, кемеңгер ойшыл, реалист ақын, дәуір тудырған тұлға келеді. Заманында мұражайдың маңызын түсініп, болашақ ұрпаққа зор тәрбиелік мәні бар, қазақ даласына бейтаныс жаңа бастамаларды қолдаған ұлы тұлғаның бейнесі көзі тірісінде-ақ бейнеленді. Абай әлемі бейнелеу өнері шеберлерінің шабытын шалқытып, ұрпақ үшін қаншама құнды туындыларды өмірге әкелді», - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Онлайн көрме барысында Н.Крутильниковтің 1927-1928 жылдары салған «Абай пишет стихи» картинасы, О.Островскийдің 1958 жылы салған «Абай» портреті, С.Айтбаевтың 1994 жылы салған «Абай» картинасы, З.Түсіпованың 1992 жылы салған «Ұлжан. Абайдың анасы» атты суреті көрсетілді. Сонымен қатар Л.Леонтевтің «Абай Семей қаласының кітапханасында» (1954 жыл), А.Бергердің «Абай ұлы Мағауиямен» (1944 жыл), М.Әлиақпаровтың «Абай мен Шәһкәрім» атты картиналары ұсынылды. Сондай-ақ, Т.Тоғысбаевтың 1977 жылы салынған «Құнанбай Өскембайұлының портреті», М.Сидоркиннің 1960 жылы салған «Тоғжан» бейнесі, «Абай аң аулауда» (1963 жыл) сынды картиналарымен бірге бірқатар суретшілердің туындылары көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары