Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні болып бекітілді. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл күні қазақстандықтар демала ма деген сауалға жауап берді деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство 10 тамыз үкімет қаулысымен мереке болып жариялағанына қарамастан, ол демалыс күні болып саналмайтынын атап өтті.
"Бұл мемлекеттік мереке емес. Бұл есепші күні, құрылысшы күні сияқты мерекелерге теңелген, сондықтан ол демалыс күні болып саналмайды", - деп түсіндірді Еңбек министрлігі.
Еске сала кетейік, Абай күні Қазақстанда үкімет қаулысымен бекітілді. Тиісті құжат 5 тамызда премьер-министрдің сайтында жарияланды. Мереке күні кездейсоқ таңдалмады. Дәл осы күні 175 жыл бұрын қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаев дүниеге келген.
Биыл ғұлама ақынның мерейтойына орай республикада түрлі іс-шаралар жоспарланған еді. Тіпті ақынның мерейтойына орай еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде өтетін іс-шараларды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастап берген еді.
Алайда коронавирус пандемиясына байланысты көптеген шаралар өтпей қалды. Ал кейбірі онлайн-форматта өткізілді.
Сондай-ақ, биыл тамыз айында биыл қазақстандықтар он бір күн демалатынын айта кетейік. Демалыс күндерінің ұзақ болуы Ораза айтпен тікелей байланысты.
Биыл қасиетті мереке тамыз айының басына тұспа-тұс келді. Сондай-ақ, ел тұрғындары 30 тамызда аталып өтілетін Конституция күніне байланысты тағы бір күн демалады.