$ 444.32  473.33  4.76

«Мұның бәрі өте біртүрлі»: Қытай АҚШ азаматтарына тағы да күдікті сәлемдеме таратып жатыр

Нью-Йорк тұрғындары жергілікті радиостанцияға Қытайдан жеткізілген бетперделер салынған жұмбақ пакеттерге шағымданды.

Американың бірнеше штаттарының тұрғындары Қытайдан өсімдік тұқымдары толы пакеттерді ғана емес, сонымен қатар басқа да жұмбақ сәлемдемелерді ала бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалықтар Rayban-ның жалған көзілдіріктері мен ысқырғыштарды алып жатыр. 

"Адамдар мұны жақсы ниетпен жібереді деп ойламаймын. Бұл зиянды нәрсе болуы мүмкін деп қорқамын" - дейді көзілдірік алған Фейт Танкерсли. 

АҚШ тұрғыны Келли Литти өткен айда Қытайдан медициналық бетперделер салынған пакет алған. 

"Маскаларда өндіруші ел Қытай деп көрсетілген. Мен ешқандай маскаларға тапсырыс бермегеніме мың пайыз сенімдімін. Мұны қалай түсіндірерімді білмеймін", - деді ол.

Нью-Йорк тұрғындары жергілікті радиостанцияға Қытайдан жеткізілген бетперделер салынған жұмбақ пакеттерге шағымданды. Эндикотт ауылының тұрғыны Доун Проктор Қытайдан келген пакетте лас шұлықтар болғанын айтты.

"Чек жоқ, жазба жоқ. Шұлықтарды біреу киген сияқты көрінді. Біз күліп, оларды қоқысқа тастадық. Мұның бәрі өте біртүрлі", - деді Проктор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары