$ 498.51  522.84  4.81

Елдің кей облыстарында қайта қар жаууы мүмкін

"Қазгидромет" алдағы үш күнге ауа райының болжамын әзірледі. Синоптиктердің айтуынша, елдің солтүстігі мен орталығында және шығыс облыстарда күн суытып, термометр бағаны нөлден төмендейді.

"Қазақстан аумағында ерекше жылы ауа райы ұзақ уақыт сақталды. Алайда, алдағы үш күн бойы Батыс Сібірдің шығыс бөлігінде қалыптасқан жоғары циклонның әсерінен күн қайта суытады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда өтпелі жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Түнде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Күндіз термометр бағаны 9-15 градус жылылықты көрсетеді. Бұл аталған өңірлер үшін қалыпты норма. Ал, еліміздің өзге облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнағанымен, күн аса суыта қоймайды" делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.

Естеріңізге салайық, ауа райын болжаушылар биылғы наурыз айын 1880 жылдан бергі ең жылы ай болғандығын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары