Жаңалықтар 10.08.2020 сағат 15:40

Ұлы Абай да індетпен күресті

Қолды қалай дұрыс шаю керектігіне дейін көрсетті.
Ұлы Абай да індетпен күресті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Биыл ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ауқымды ғылыми-танымдық, мәдени-әдеби шаралар жоспарланды. Алайда, дүниежүзін дүрліктірген коронавирус осы шаралардың барлығын онлайн форматта өткізуге мәжбүр етті. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова facebook парақшасында жариялаған жазбасында хакім Абайдың заманындағы індет жайында айтып өтті.

«Ауыр індеттер Абай заманында да болған. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының «Түн-түнекте» тарауында: «Бұл қалаға жаман науқас келіпті. – Құдай ұрған іш ауруы. – Ар жақ-бер жақтан күнде әлденеше адам өліп жатыр. – Мәлік келгендей. Шыбындай қырылып жатыр. – Аты не дейді? Адам естімеген қу науқас бір. Жұрт қашып жатыр қаладан»,- делінген. Сол кезде халыққа індеттің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру мақсаты тұрды. Әсіресе жаназа рәсімдеріне баса мән беру керек болды. Абай Құнанбайұлы өзі білетін Сармолла есімді молда арқылы «Қаза болған адам үйіне, жаназаға мүмкін қадарынша халық аз жиналсын. Мәйіт шыққан үйге көп адам келіп-кету болмасын. Ол үйде ас ішу, халыққа тағам тараттыру, жетісін, қырқын жасау уақытша тоқталсын! Көп молда, шәкірт, мәзін, қарилер бұдан былай осы махаллада барлық ауырып өлген адамдардың үйлеріне қаптап барып, басқа үйлерге және қаптап жүрулерін тоқтатсын» деген сөзін жеткізді. Тіпті, ол халық арасында бас тазалығын сақтау жөнінде базарларды аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қолды қалай дұрыс шаю керектігіне дейін көрсетті. Алайда оған құлақ аспағандар көп болды. Бірақ Абайды тыңдағандар аман қалды». Осылайша ұлы ойшыл халыққа Cақтану Формуласын көрсетті», - деді Гүлшара Наушақызы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар