$ 445.66  474.58  4.78

Оқушылардың жаңа оқу жылында қай күндері демалысқа шығатыны белгілі болды

2020-2021 жылдарға арналған оқу жылы барысында оқушылар жалпы саны 33 күн демалады.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

ҚР Білім жіне ғылым министрі орта білім беру ұйымдарындағы 2020-2021 жылдарға арналған оқу жылының басталу күндері, оның ұзақтығы мен демалыс кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, министрдің бұйрығымен келесі күндер оқушылар үшін демалыс күндері болып бекітілді:

1-11 (12) сыныптар үшін: күзде - 10 күн (2020 жылдың 5 қарашасынан 14 қарашасына дейін, соңғысын қосып алғанда), қыста - 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін, соңғысын қосып алғанда), көктемде - 12 күн (2021 жылдың 20 наурызынан 31 наурызға дейін, соңғысын қоса есептегенде);

1-сыныпта: қосымша демалыс бар - 7 күн (2021 жылдың 8 ақпанынан 14 ақпанға дейін, соңғы күнді қоса есептегенде).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары