Қазақстанда журналистердің митинг кезіндегі құқықтары мен міндеттері айқындалған ережелер бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тиісті бұйрыққа ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қол қойды.
Бұйрыққа сәйкес, журналист бейбіт жиналыстарда хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және дайындау бойынша өз қызметін жүзеге асыра отырып, Қазақстан заңдарында көзделген құқықтарға ие болады және міндеттерді мойнына алады.
Егер бейбіт жиналысқа қатысушылардың болжамды саны 200 адамнан асса, әкімдік журналистерді Жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз етеді.
Жедел баспасөз орталығы мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:
Журналист бейбіт жиналыстарда ақпарат жинау, өңдеу және дайындау бойынша өз қызметін Жедел баспасөз орталығының аумағында да, одан тыс жерлерде де жүзеге асырады.
Тағы оқыңыз: Бұдан былай бейбіт митинг өткізу үшін рұқсат алудың қажеті жоқ – Тоқаев
"Журналистерге олардың кәсіби қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіретін адамдар Қазақстан заңдарына сәйкес жауапқа тартылады", - делінген бұйрықта.
Бұйрықта журналистің айырым белгілері де көрсетілген. Олар: