$ 494.87  520.65  4.91

Навальныйдың ағзасынан химиялық зат табылған

Қор директоры Иван Ждановтың айтуынша, қауіпті сұйықтық Навальныйдың өзінен бөлек, айналасындағыларға кесірін тигізуі мүмкін.
фото: РБК
фото: РБК

 Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың ағзасынан химиялық зат табылған. Бұл туралы КТК арнасы Омбы полициясы мамандарының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

 Бұған дейін жемқорлықпен күрес қорындағылар да саясаткердің ағзасынан өмірге қауіпті сұйықтық анықталғанын хабарлаған еді. Қор директоры Иван Ждановтың айтуынша, қауіпті сұйықтық Навальныйдың өзінен бөлек, айналасындағыларға кесірін тигізуі мүмкін.

Тағы оқи отырыңыз: Оппозиция көсемі Навальный реанимацияда жатыр

 Нақты қандай сұйықтық екені туралы әзір құзырлы органдар тіс жармай отыр. Ал Омбыда Александр Навальный жатқан аурухананың бас дәрігері бұл ақпаратты растамады. Оның айтуынша, науқастың жағдайы кешегіге қарағанда жақсарған.

 Күні кеше Томбыдан Мәскеуге бет алған ұшақ шұғыл Омбыға қонуға мәжбүр болды. Оған себеп, Ресейдегі белсенді оппозиционер Алексей Навальный уланып, комаға түсті. Мәселенің мән-жайы әлі анықталып жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары