$ 448.89  477.93  4.76

Алматыда экс-прокурор қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Екі күдікті қызды таңғы алтыға дейін зорлаған.
Фото: qaz.neonomad.kz
Фото: qaz.neonomad.kz

Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына бұрынғы прокуратура қызметкері мен банктердің бірінің топ-менеджері қызды зорлағаны туралы іс келіп түсті. Бұл туралы онлайн-брифингте адвокат Жанна Уразбахова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Кеше іс сотқа жолданды. Сондай-ақ, кеше алдын ала сот отырысы өтті. Оқиға 2019 жылы Алматының Бостандық ауданында 8 қарашаға қараған түні болған. Жігіт қызды алдап шақырған, жалғыз боламыз деп айтқан, бірақ ол пәтерде бөтен адамдар бар екенін, алкоголь ішкенін айтпаған. Содан жігіт жанжал шығарып, қызды ұра бастаған, содан кейін достары да қызға қол көтере бастаған. Қызды қорлаған. Екі күдікті қызды таңғы алтыға дейін зорлаған. Іс екі бап бойынша сотқа жолданды. Кейін анықталғандай олардың бірі - прокуратураның бұрынғы қызметкері, екіншісі - банктің топ-менеджері", - деді ол.

Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі ол адамның 2012 жылы органнан кеткенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зорлық #сот