$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы сотталды

Сот оған 8 жыл жаза кескен. Жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтейді.
Фото: еgemen.kz
Фото: еgemen.kz

Аста қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы басшысы А.Лиге және өзге де тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Іс материалдарына сәйкес, А.Ли лауазымдық өкілеттігін пайдаланып, «ТаразҚұрылысЭксперт» ЖШС директорына екінші рет әкімшілік жауапкершілікке тарту арқылы ЖШС-ны аккредитациядан (сарапшылық жұмыстарға рұқсат беру) айыратынын айтып, 1,9 млн теңге сомасындағы ақшаны иемденіп алған. 

Онымен қоса, А.Ли аккредитация комиссиясының мүшесі бола тұра, заңды тұлғаларға сарапшылық жұмыстарды жүргізуге аккредитацияны алуға қолғабыс еткені үшін пара алып келген. Алған параның жалпы сомасы 3,5 млн теңгені құрайды. 

Сот үкімімен А.Ли 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтейді. Сондай-ақ сот одан пара сомасын, яғни 3,5 млн теңгені және 1,9 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты мемлекет пайдасына өндіріп алды.

Бұдан бөлек, іске қатысы бар өзге тұлғаларға айыптау үкімдері шығарылды. Атап айтқанда, Н.А.Жанысова 28,2 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс. Оған пара беру, лауазымды тұлғаға бара беруде және оны алуда бірнеше мәрте делдал болды деген айып тағылды. 

А.Лиге пара берді деп айыпталған С.Жайшылықұлына 3 млн теңге айыппұл салынды. И.И.Мәмедовке А.Лиге пара беруде және оны алуда делдал болды деген айып тағылып, оған 3,7 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ одан қылмыстық істі жасау барысында алған 50 мың теңге өндіріп алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #шенеунік